"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Тәрбие сағаты. "Ұлт мақтанышы - Жамбыл Жабаев". 6"Ә" сыныбы, сынып жетекшісі: Какенова Ш.Ч.

Күні: 22.02.2021ж

Сынып: 6 «Ә»

Сынып жетекші: Какенова Ш.Ч.

Сабақтың тақырыбы:

Ұлт мақтанышы –Жамбыл Жабаев

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы жайында таныстыру. Өлеңдерді мәнерлеп айтқыза отырып, олардың дұрыс сөйлей білу дағдыларын қалыптастыру.Оқушыларға Ж.Жабаевтың өлеңдерінің мазмұнын, тақырыбы мен негізгі ойын меңгерте отырып, олардың бойында қазақ халқына, қазақ тіліне деген сүйіспеншілік сезімін    қалыптастыру, оларға эстетикалық, патриоттық тәрбие беру.

Көрнекілігі

Жамбыл Жабаевқа арналған слайд, видеоматериал

Сабақтың барысы

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі.

5 мин

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру.

Сәлемдесу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

 

 

 

 

 
  MCj04244660000[1]
 

 

 

 

 

Сабақтын ортасы

20 минут

 

Жамбыл... Түстіктегі Жамбыл тауының бөктерінде, боранды ақпан айында осыдан бір жарым ғасыр бұрын дүниеге ақын келіп, кейін әлгі тауды да, бүкіл қазақ халқын да жалпақ жаһан, айдай әлемге жария етті. 
Жамбыл - өмірімен де, шығармышылығымен де екі ғасырды молынан тұтастырып жатқан ұлы жырау. 13-14 жасынан бастап сөзінің көбін өлеңмен айтқан ақынның XIX ғасыр шегінде шығарған өлең-жырлары мен айтыстары да өте мол болған. Олардан дәуір шындығы, Жамбылдың ақындық мұраты мен зор таланты айқын танылады. Ерлікті, елдікті дәріптеген, халықтың жоғын жоқтап, әлсіздерді күштілердің зорлығынан арашалаған, әділдікті, бостандықты жыр еткен көркем де қуатты поэзиясымен Жамбыл XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінде көрнекті орын алады. 
Олай болса келесі кезекте үй тапсырмасы бойынша оқушылар әзірлеген жауаптар мен көрініске кезек берелік. 

Мұғалімнің сөзі. 
Қазақтың ұлы ақыны Жамбыл - жүз жасаған ақын. Балалар тақта да берілген кезеңдер бойынша өз ойларыңды ортаға салыңдар, бірінші кезең бойынша кім бастайды? 
* 1846 жылы ақпанның 28-де Жамбыл дүниеге келді.Туған жері- Жамбыл тауы. 

Қақаған қар аралас соғып боран, 
Ел үрей-көк найзалы жау торыған. 
Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын 
Жамбыл деп қойылыпты атым содан. 
* Жамбыл алғашқы өлеңдерін шығарып, атақты Сүйінбай ақыннан бата алған. 
КӨРІНІС 

Шағым. 
Оқымаймын молдадан, 
Не оқытпақшы ол маған. 
Бала келсе сабаққа 
Жем дәметкен дорбадан. 
Ақ сәлдесін төңкеріп 
Көзін жұмып теңселіп, 
Күн ұзығынға боздаған. 
Оқығанша мен одан 
Домбыраны қолға алам... 

Бұл жылдары Жамбыл айтыста да, жыраулық өнерде де биік дәрежеге көтеріледі. Ақынның оннан астам айтыстары сақталған. Әсіресе оның Құлманбетпен, Досмагамбетпен, Шашубаймен айтысы жақсы мәлім. 

Жамбыл айтыс ақыны Шөжемен дидарласады 

Атақты әнші-ақын Әсет сияқты серілермен, шешендермен кездеседі. Қырғыз еліне ақындығымен танылады. 

1912 ж. Жамбыл Сарыарқадан Жетісуға келген Балуан Шолақпен кездеседі. 

Романовтар әулетінің патшалық құруының 300 жылдығын тойлау құрметіне көрме өткізіліп, оған үш жүздің игі жақсылары жиылды. Жамбыл өз жырында бастықтарына жаныға жағымпазданған болыстардың, билердің озбырлық іс-әрекеттерін әшкере етеді. 

Патшаға қарсы ұлт-азаттық қозғалысы кезінде Жамбыл елді азаттық күреске шақырған «Патша әмірі тарылды» және «Зілді бұйрық» деген өлеңдерін шығарады 

Патша әмірі тарылды 
Оған қылап бар ма лаж ?! 
Ішке толған зарымды, 
Кімге айтармын қылып наз?! 
Ал, балалар ақын өмірінің бірінші кезеңіне байланысты осындай тарихи оқиғалар болған екен. 
Ал екінші кезеңі қандай оқиғалармен сипатталған екен. 

Мамыр айында Верный қаласында Жетісу ақындарының тұңғыш слеті өтеді. Слетке Жамбыл қатынасып, ақындар айтысында бағалы сыйлық алады. 

17-23-мамыр аралығында Мәскеу қаласында қазақ әдебиеті мен көркемөнерінің бірінші онкүндігі өтті. Бұл онкүндікке қатысушы Жамбыл Жабаевты Мәскеу құшақ жая қарсы алды. 

Желтоқсан. Жамбыл Қазақстан делегациясын бастап, грузин халқының ақыны Шота Руставелидің «Жолбарыс терісін жамылған батыр» деген поэмасының 750 жылдық тойына қатынасты. Жыраулық өнерімен, суырып салмалық ақындығымен елді тәнті етіп, қайталанбас тума талантымен тағы да тамсандырды. 


Кавказға сәлем 
Ақсақал Жамбыл келед жанаттанып, 
Қиялы қиярға өрлеп қанаттанып, 
Жазылып бүкіш белі қуаттанып, 
Туған ел сәулетімен санаттанып! 
Қолға алып домбырасын жаны жайнап, 
Советтік дәуірінде талаптанып, 
Ән шырқап шарықтағаған сағатында 
Жыр арнап, шың Кавказға қанат қағып. 
1941-1945 жылдар біздің Отанымыз үшін ең ауыр жылдар болды. Гитлер бастаған неміс басқыншылары соғыс жарияламай жерімізге енді. Нева жағасындағы Ленинград қаласы 900 күн қоршауда қалды. Халқымыз үшін бұл күндер – зұлмат күндер болды. Осы қайғылы жағдайға байланысты Жамбыл өзінің "Ленинградтық өренім” атты өлеңін арнады. 
 

Слайд арқылы мәлімет беру, видео-сұхбат көрсету

 

 

 
  three_step_interview
 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

 5мин

Рефлексия:

Кері байланыс: «Стикерлер»

Оқушылар стикерлерге жеке ойларын жазады:

  • Мен нені үйрендім?
  • Маған не қызықты болды?
  • Маған не түсініксіз болып көрінді?

Менің келесі сабақта нені білгім келеді?

Қорытынды:

Балалар! Жамбыл атамыз өлсе де аты өлген жоқ, хаты өлген жоқ. Жамбылдың сағаты әр қайсымыздың жүрегімізде соғып тұр. 
Республика бойынша Жамбыл атамыздың атымен қаншама көше, мектеп, облыс, аудан атаулар бар. Жамбыл атамыз артына ұмытылмастай қазына қалдырды. Ол Жамбылдың мәдени мұрасы, шығармашылығы. 
 

 

http://st.depositphotos.com/1005314/5008<iframe title=

Үй тапсырмасы

2 мин.

Жамбыл атамыздың өлеңін жаттау

 

Жаңартылған күні: 22.02.2021 14:29
Құрылған күні: 22.02.2021 14:29

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст