"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

«Ынтымағы жарасқан туған өлкем – Қазақстан» сынып: 7Ғ, сынып жетекшісі: Жолаушина Г.Г

   Күні: 19.04.2021 ж          Сыныбы: 7 Ғ           Мұғалім: Жолаушина Г.Г.    

Мектеп:  Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі                          

Сабақтың тақырыбы:

«Ынтымағы жарасқан туған өлкем – Қазақстан»

Сабақтын мақсаты:

 

Халықтар арасындағы достық ұғымы туралы оқушыларға түсіндіру, оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату. Оқушыларды әсемдікке, әдемілікке, қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу;

Бағалау критерийі

 

 

Пәнаралық байланыс:

Көрнекілігі:

Нақыл сөздер

Слайд, видео

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі.

5 мин

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру.

Сәлемдесу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

 

 

 

 

 
  MCj04244660000[1]
 

 

 

 

 

Сабақтын ортасы

20 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 - мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың наурызында Дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномі - Қазақстан халықтары ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.
Бүгінде әрбір ұлтқа салт - дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. Дегенмен бақыт, әділдік, бейбітшілік, жарқын болашақ үшін күрес олардың бәрінің басын біріктірді.
«Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» дейді қазақ мақалы.
Қазақстан мемлекеті көп ұлтты. Біздің елімізде жүз отыздан астам ұлттар тұрады: ұйғыр, кәріс, дүнген, өзбек, қырғыз, түрікмен, тәжік, армян, әзербайжан, украин, белорус, түрік, шешен және тағы басқа шет мемлекеттен келген ұлттар біздің елімізде тіршілік етуде. Біз олармен татумыз, доспыз және бір - бірімізбен қоян - қолтық аралас өмір сүрудеміз.

Тілі басқа тілегі бір біргеміз,

Өздеріңмен жүздесеміз күнде біз.

Мақсат ортақ, бейбітшілік ұран боп

Татулықтан бұзылмасын іргеміз.
Ағайын - туған - бар адам.
Адалдық үшін жаралған.
Бар қымбат туыстық,
Баянды болсын тыныштық!

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
      Бір шаңырақ астындағы халқымыздың ынтымақтастығы мен өзара ауыз бірлігіміз нығая түсіп, республикамыздағы ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, достық, бірлік мәңгі жасай берсін!

Дос  болайық  бәріміз,

        Жарасып  тұр  әніміз .

        Тыныштықты  сақтаймыз ,сақтаймыз .

        Атсын   күліп  таңымыз.
Халқымыз достық, ынтымақтастыққа ерекше мән берген «Қырғыз, қазақ - бір туған», «Өзбек - өз ағам», «Түбі бірге түрікмен» деп қырғыз, өзбек, түрікмен және т. б. ұлттарды ынтымақтастыққа шақырған. Бірлік — халық салты. Халқымыздың бірлік салты отбасынан басталып, бүкіл елдің, барлық адам баласының бірлігімен ұласады.

Слайд арқылы мәлімет беру

 

 

 

 

 

 
  three_step_interview
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

 5мин

Рефлексия:

Кері байланыс: «Стикерлер»

Оқушылар стикерлерге жеке ойларын жазады:

  • Мен нені үйрендім?
  • Маған не қызықты болды?
  • Маған не түсініксіз болып көрінді?

Менің келесі сабақта нені білгім келеді?

Қорытынды:

    1 - мамыр мерекесі дүниежүзіндегі халықтардың достығы мен бірлігін атау күні. Біздің мемлекет бейбітшілікті жақтаушы, достықты жырлаушы, тыныштықты сақтаушы ел. Елімізде әр ұлттар тату - тәтті өмір сүруде. «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» деген халық мақалы біздің елге айтылғандай.

 

http://st.depositphotos.com/1005314/5008<iframe title=

Үй тапсырмасы

2 мин.

«Ынтымағы жарасқан туған өлкем – Қазақстан» тақырыбы бойынша шағын әңгіме жазу.

 

Жаңартылған күні: 26.04.2021 17:06
Құрылған күні: 26.04.2021 17:06

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст