"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Тақырыбы: «Ғарыш әлемінде» Сынып жетекші: Шарлез А.Қ. Сыныбы: 6 «В»

 

Педагогтің аты-жөні

 Шарлез Ақмарал Қанатқызы

Күні:

17.04.2023

Сынып: 6 «В»

Қатысушылар саны:15

 

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

 Ғарыш Әлемінде

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды қазақтың қос ғарышкерімен таныстыру, өмірбаянына шолу жасау, мәлімет беру. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, патриоттық сезімін, әрі ұшқыш, ғарышкер болуына оқушылар қиялын тәрбиелеу, табандылыққа, шыдамдылыққа, тәртіптілікке үйрету.

Бағалау критерийлері:

- Оқушыларды қазақтың ғарышкерілерімен таныстыру;

- Отанға деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, патриоттық сезімін, әрі ұшқыш, ғарышкер болуына оқушылар қиялын тәрбиелеу, табандылыққа, шыдамдылыққа, тәртіптілікке үйрету;

-Ғарыш туралы әр түрлі қызықты мәліметтерді білу.

Сабақтың барысы

 

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

   Ұйымдастыру кезеңі

2-мин

Сабақтың басы

 

 

Оқушылармен сәлемдесемін.

Психологиялық ахуал «Блиц» әдісі. Жұптасып бір-бірлеріне жақсы қасиеттерін айтады.

Кассадан авиабилет беру арқылы топқа бөлемін және жаңа сабақты меңгеруге дайындаймын.

1 топ-Галактика

2 топ-Күн жүйесі

3 топ-Құс жолы

Бір-біріне сәттілік тілейді.

 

Билет алу арқылы топқа бөлінеді.

 

Жұптасып бір-бірін жақсылық арқылы қолдайды

 

Билет жазылған қиындылар

Сабақтың басы:

( 5 мин)

 

 

 

 

 

 

Жаңа сабаққа мәлімет беру және сұрақ қою арқылы ену.

 - Ең бірінші болып ғарышқа ұшқан ресейлік ғарышкер екен

Юрий Гагарин болатын.

- Ал, әйел адамдардан ВалентинаТерешкова.

-Қазақстаннан да ғарышкерлер ұшты.

- Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров

- Ғарышқа үш рет сәтті сапар жасаған, атақты ғарышкер Талғат Мұсабаев.

- Үшінші қазақ ғарышкері – Айдын Айымбетов.

 

Тапсырма 1.

Миға шабуыл арқылы сұрақтарға жауап береді.

 

Мадақтама сөздер арқылы.

 

Сабақтың ортасы:

30 мин

 

Енді кезекті оқушыларға берейік. Оқушыларға қағаз үзінділері таратылады. Оқушылар мәтін құрастыру арқылы тапсырманы орындайды.

Тапсырма 2

Әр топқа тапсырма беру.

І топ – Сурет салу

ІІ топ – Сөзжұмбақ шешу «Ғарыш»

ІІІ топ – Кластер құрау

 

Оқушылар кезектесіп дайындап келген өлең жолдарын айтады.

 

«Ғарышерлер» ойыны.

Бес орындық қойып, 6 оқушы шығып, орындықты ұшқыш қимылын жасап айналады. Музыка тоқталғанда орындыққа отырып, үлгермеген оқушы ойыннан шығады. Сөйтіп ойын жалғаса береді.

 

 

 Оқушылар кезектесіп ақпараттарды айтады.

 

 

 

Әр топ берілген тапсырмаларды орындайды

 

 

 

 

 

 

Оқушылар ойын ойнау арқылы, сергіту сәтін орындайды

Мадақтама сөздер арқылы

 

 

 

 

Мадақтама сөздер арқылы

Қағаз үзінділері таратылады

 

 

 

А3 парағы

Сабақты қорытындылау

4-минут

«Кім тапқыр?» ойыны.

Жұмбақ шешу.

Тапсырма 3

 

Тапсырма 4

Араласып берілген әріптерден сөздер құрастыру.

ЗЫДЛҰЖ, НАПШОЛ, ШЫРАҒ, ШАРМАҒАЛ, БЙҚАҢОРЫ

 

 

Оқушылар жұмбақтарға жауап береді

Мадақтама сөздер арқылы

 

Сабақтың соңы:

(3 мин)

  • Рефлексия,
  • Үй тапсырмасы

-Бүгінгі ашық тәрбие сағатымызда не істедік? Не білдік?

Оқушылар:-Ғарыш туралы әңгімеледік, сұрақтарға жауап бердік, есептер шығарып, жасырын сөзді таптық, ... .

Рефлекция: Сабақ басында берілген билетке өз ойларын жазып, кассаға тапсыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОСЫМШАЛАР

Сынып: 6

Оқушы саны: 25

 

Қосымша 1

Тапсырма 1

Сұраққа-жауап

Бағалау критерийі: 

  • Ғарыш туралы әр түрлі қызықты мәліметтерді білу;

Ойлау дағдысы: түсіну

  • Ғарыш деген не? (Ол аспан әлемі. Ғарыш деп аталады. (Космос))
  • Ғарышкер деп кімді айтамыз? (Ол аспан әлемінің құпиясын зерттеу үшін ұшатын адамдар)
  • Жер серігі (ай)

Дескриптор: -Ғарыш сөзінің мағынасын түсінеді

 

Қосымша 2

Тапсырма 2

Қағаз қиындылары

Бағалау критерийі: 

  • Оқушыларды қазақтың ғарышкерілерімен таныстыру;

1 топ:

1 – оқушы: Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы 2 шілдеде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында туған.

2 – оқушы: Ол әскери авиациялық училищесін және сынаушы ұшқыштар мектебін бітірді.

3 – оқушы: Мәскеу авиация институтын тәмәмдаған. Ол ғарышқа ұшқанда «Батыр» атағына ие болған.

4 – оқушы: 1991 жылы 2 қазан күні Байқоңырдан Қазақстан – Австрия экипажы бар «Союз-ЭТМ - 13» ғарыш кемесі ұшырылды. Тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров Республика президенті Н. Ә. Назарбаевқа қазақ тілінде қысқаша рапорт берді.

2 топ: Талғат Мұсабаев өмірінен мәлімет беру.

1 – оқушы: Талғат Мұсабаев 1957 жылы Алматы облысы, Қоғалы ауылында туған.

2 – оқушы: Ол орта мектепті Алматы қаласында бітірген.

3 – оқушы: Ақтөбедегі Әскери училищені бітірді.

4 – оқушы: Рига қаласынан авиация институтын бітірді. Әуе авиация инженер мамандығын алды.

5 – оқушы: Ұшу үшін Алматы аэроклубына түсті. Содан соң жоғарғы ғарышкер тобында болды.

6 – оқушы: 1994 жылы 30 маусымда «ТМ - 18» кемесімен Маленченкомен бірге ұшты. Олар ғарышта 12 тәулік болды.

3 топ. Үшінші қазақ ғарышкері – Айдын Айымбетов.

1 – оқушы: Айдын Ақанұлы Айымбетов 1972 жылы 27 шілдеде Алматы облысы Талдықорған қаласы Өтеней ауылында дүниеге келген.

2 – оқушы: Мектепті алтын медальмен бітірген. 1993 жылы Армавирдегі жоғарғы әскери авиациялық училищені "ұшқыш-истребитель" мамандығы бойынша бітірген..

3 – оқушы: 1993 жылдың мамырынан Қазақстанның Қарулы Күштерінің қатарында қызмет атқарады.

4 – оқушы: 26.05.2015 жылы Қазғарыш баспасөз хатшысы Ербол Дәулетов 2015 жылы ғарышкер Айдын Айымбетовті британдық әншінің орнына 2015 жылдың қыркүйегінде ғарышқа жіберу туралы мәселені талқылап жатқандығын хабарлады.

5 – оқушы: 2015 жылы 2 қыркүйекте 2-бортинженер ретінде транспорттық пилоттанған «Союз ТМА-18М» кемесінде ЭП-18 саяхаты аясында Байқоңыр ғарыш станциясынан Халықаралық ғарыш станциясына аттанды.

6 – оқушы: Айдын Айымбетов ғарышта он күн болып, маңызды зерттеулер жүргізген болатын. Халықаралық ғарыш станциясынан оралған Айымбетовті президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі күтіп алды.

 

Дескриптор: -Қазақ ғарышкерлері туралы мәлімет алады.

 

Қосымша 3

Тапсырма 3

«Кім тапқыр?» ойыны.

Жұмбақ шешу.

Бағалау критерийі: 

  • Ғарыш туралы әр түрлі қызықты мәліметтерді білу;

1. Күмбез сынды кең сарай,

Еш жерде жоқ тең сарай.(Аспан)

 

  1.  

Бірі – күндіз тынығады,

Бірі – түнде тынығады.(Күн мен ай)

 

  1.  

Түнде күлімдейді.(Жұлдыз)

 

4. Басы озып құсты,

Қанат қақпай ұшты.(Ұшақ)

5. Күміс қанат сұңқары,

Көкке еркін сүңгиді.

Бұлттан да тым әрі,

Күткен жанды кім дейді?(Ұшқыш)

 

Жаңартылған күні: 23.04.2023 17:50
Құрылған күні: 23.04.2023 17:50

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст