"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

4 сыныптар арасында өткізілген тәрбие сағаты: «Отан, тіл және білім -болашақтағы тірегім»

Күні

10.09.2021

Тақырыбы

«Отан, тіл және білім -болашақтағы тірегім»

Мақсаты

Оқушылардың «тіл», «Отан» құндылықтары туралы түсініктерді кеңейту.Мақал-мәтел маңызын түсіндіру.  Ана тіліне деген құштарлықты арттыру;

Күтілетін нәтижелер

Қызығушылығын арттыру,  Отанды сүюге тәрбиелеу.

Қолданылатын ресурстар

Интернет ресурстары, бейнежазбалар, слайд

Көрнекі құрал-жабдықтар

Стикер,қарындаш, суреттер.

Сабақтың өту барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Тыңдаушының іс-әрекеті

 

Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру                    (5мин)

  • Шаттық шеңбері
    Оқушылар шеңбер құрып тұрады, бір - бірімен, мұғаліммен сәлемдеседі. Мұғалім сабақ тақырыбымен таныстырады және мына өлеңді бірге айтуды ұсынады:
    Ана тілім - ұраным,
    Ана тілім - құралым.
    Ана тілім болмаса,
    Болмас еді жыр - әнім.
    Ана тілім - елдігім,
    Ана тілім - ерлігім.
    Ана тілім болмаса,
    Бүтінделмес кемдігім...

 

Сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптасады

 

Сабақтың басы

  • -Құрметті оқушылар бүгін біз «Отан, тіл және білім -болашақтағы тірегім» тақырыбында мақал-мәтел сайысын өткіземіз. Біздің мақсатымыз, оқушының білімге деген құштарлығын, ізденімпаздығын, оқу деңгейін және ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге салмақты ой айтуға үйрету болып табылады.

Мақал – сөздің мәйегі
(тақтада мақал-мәтелдің басы беріледі, қатысушы топтар мақалды жалғастырады)
1. Жақсы кісі байқап сөйлер, ...(жаман кісі шайқап сөйлер)
2. Ер еліне, ...(ит иесіне)
3. Балапан ұяда не көрсе ... (ұшқанда соны іледі)
4. Өнер - ағып жатқан бұлақ, ...(Білім – жанып тұрған шырақ)
5. Жақсының аты өлмейді ...(Ғалымның хаты өлмейді)
6. Көз жетпеген жерге, ...(сөз жетеді)
7. Отыз тістен шыққан сөз, ...(отыз рулы елге тарайды)
8. Дұшпаны көптер сақтана жүреді, ...(Досы көптер мақтана біледі)
9. Жалған достан ...(жау артық)
10. Өнерлінің қолы алтын, ...(өлеңшінің сөзі алтын)
11. Еңбек етсең ерінбей, ...(тояды қарның тіленбей)
12. Отан үшін күрес - ...(елге тиген үлес

 

Топтарға бөлініп, топтар бір -бірімен сайысады .

 

Ми шабуылы (5мин мин)

 

Ендеше біз бүгінгі сайысымызды бастайық.

 «Кім көп біледі?» Қатысушы топтар мақал – мәтел айтудан жарысады.(1 минут уақыт беріледі, сол уақыттың ішінде топтар қанша мақал айтса, ұпай саны да соған қарап қойылады)

 

Оқушылар өз ойларын түйіндейді

 

 

Сабақ барысындағы көңіл-күйді анықтау (3 мин)

ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ
Жүрегімнің бөлшегі
Қаның, жаның - тілінде,
Арың, нәрің тіліңде.
Ұмтыл оны білуге.
Тілден алып ғибрат,
Құлшынасың білімге.

Ана тілің - ертегің,
Ана тілің - өркенің,
Ана тілің - ертеңің.
Қадірле ана тіліңді -
Жүрегіңнің бөлшегін.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Рефлекция (5мин)

 «Даналық ойдан дән ізде» сайысы
Шарты: Топтар сандарды таңдау арқылы өздері мағынасын түсіндіретін мақал-мәтелді таңдап, талдайды.
1- ұяшық: Апама жездем сай. 20
2-ұяшық: Тасты жерде егін болмас,
Текті бала тегін болмас. 30
3-ұяшық: Азға қанағат етпеген, көптен құр қалар.40
4-ұяшық: Жалған достан жау артық. 10

Жеңген топты марапаттау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 12.09.2021 10:53
Құрылған күні: 12.09.2021 10:53

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст