"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Тәрбие сағаты: "Бірлік пен келісім" Бекбергенова Л.Е. 10 "А" сынып

 «Бірлік пен келісім»

Мақсаты: Өскелең ұрпақтың бойына бірлік пен ынтымақтың рөлін түсіндіріп, ұлттық құндылықты насихаттау.

Көрнекіліктер: видеоролик, слайд  

Саб.түрі:   Қашықтықтан 

Саб.барысы

Ұйымдастыру: 1-2м   

Негізгі бөлім : 

Сәлеметсіздер ме,  «Бірлік пен келісім» деп аталатын тәрбие сағатын бастаймыз.

Бірлік пен келісім халықтың - Көгімізде жарасқан жарық күн! Ырыс, дәулет бақыты үшін халықтың, Жайнай берсін, жайнай берсін алтын күн! - дей келе Қазақстан халқының бірлігіне арналған «Бірлік пен келісім» атты тәрбие сағңатын бастаймыз. Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130- дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді. Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды. Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн, Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын. Татулығын жырға қосам ұлттардың, Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін. Тілі бөлек болған менен тілек бір, Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл. Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ, Шайқалмастан шаттығымыз жасасын.

 

Ағайын туған бар адам,

Адалдық үшін жаралған.

Бар қымбат туыстық,

Баянды болсын тыныштық.

  Қай жағынан айтсақ та бүгінгі біз өмір сүрген заманның ағымы басқа, халқымыз жаппай сауатты. Егемен ел бесігі жыл өткен сайын еңсесін биіктетіп келеді. Тәуелсіз көп ұлтты халықтың арасында «Ши» шығармай бірлікпен ынтымақтың ұйытқысы болып дер кезінде республикадағы ұлттардың ассамблеясының жұмысын жандандырып олардың тілін, әдет ғұрпын насихаттауға мүмкіндік жасалуын қадағалап келеді. Бауырласқан тәніміз,

«Бірлік пен келісім»  видиороигін оқушыларға ұсыну.

 

 

Бұзылмаған антымыз.

Кең даланың ежелгі,

Қазақ дейтін халқымыз.

Өзге ұлттай бізде де,

Бар дәстүр мен салтымыз.

«Бірлік пен келісім»   туралы слайд көрсету.

Теңсіздік терең көмілді,
Шаттықтан шалқып өнді үнім,
Баршасы мұнда көңілді
Ақ, қара, сары өңдінің...


Күндерден ортақ сыбаға,
Күресте дайым біргеміз.
Арада жол жоқ сынаға,
Мәрмәрдай тұтас іргеміз.

Оқушылар  Бейбітшілік пен келісім  туралы өз ой пікірлерін ортаға салады, бір- бірімен ой бөліседі. 

 

Сұрақ- жауап әдісі:   

Қорытынды: 

 «Ел бірлігі – ең асыл қасиет.Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көрегенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көпұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі.Бірлігіміз мәңгілік болсын!


 

Жаңартылған күні: 09.03.2021 22:09
Құрылған күні: 09.03.2021 22:09

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст