"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

АДАЛДЫҚ САҒАТЫ МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВТЫҢ МӘҢГІЛІК МҰРАСЫНА АРНАЛДЫ

⭐АДАЛДЫҚ САҒАТЫ МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВТЫҢ МӘҢГІЛІК МҰРАСЫНА АРНАЛДЫ⭐

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Мұқағали Мақатаев – мәңгілік ғұмыр» тақырыбындағы Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде кезекті адалдық сағаты өтті.
Онлайн дәрістің негізі ретінде әділеттілік пен адалдыққа, патриотизмге және елге деген құрметтен өрнектелген ұлы ақынның шығармалары алынды.
Биыл 9 ақпан күні жыр мұзбалағы, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл (1931–1976) толды.
 Мұқағали ақынның өлеңдері ең әуелі адамдарды адалдыққа, тазалыққа, мейірімді болуға, жас ұрпақты Отанды сүюге, туған жерді құрметтеуге, ана тілімізді ардақтауға, қарттарымызды қадірлеуге және дәл осындай бейбіт күннің қадірін білуге шақырады.
Онлайн-дәріс барысында оқушылары ақынның патриоттық өлеңдерімен танысты.
Ақын шығармашылығында Отан мен туған табиғат тақырыбы маңызды орын алады. Өз шығармаларында ол адам Отансыз өмір сүре алмайтынын айтты. Отансыз адамды ормансыз құсқа теңеді.
Туған халқын жырламаған ақын жоқ шығар. Ал Мұқағали ағамыздың халқына деген перзенттік махаббаты әр өлеңінде керемет суреттелген.
Сондай-ақ, «Адалдық сағатында» ақын шығармашылығы арқылы патриотизм мен жеке бастың қадір-қасиеті туралы ойлар айтылды.
Мұқағали Мақатаев қазіргі қазақ поэзиясын жаңа көркемдік деңгейге көтерді. Оның шығармашылығы идеологиялық және саяси көріністерден ада, нағыз лирикаға толы.
Ақынның шығармаларын зерттей отырып, біз Отанды сүюге және қорғауға, табиғатты аялауға, адамдарды сүюге, аналарымыз бен жақындарымызды бағалауды үйренеміз.

       

Жаңартылған күні: 16.02.2021 15:00
Құрылған күні: 16.02.2021 15:00

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст