"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

«Ауған жауынгерлерінің ерлігі» (қашықтық тәрбие сағаты). Сынып жетекшісі: Бекетова Ж.Б. Сыныбы: 4 «Д»

Күні

15.02.2021ж

Тақырыбы

Ауған жауынгерлерінің ерлігі

Мақсаты

Ауған соғысының тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру.
“Ауған соғысы” жайлы тереңірек біліп тану, соғыс ардагерлері туралы мәлімет алу.
Тарихи деректердің маңыздысын аша білуге және материалдарды диалектикалық тұрғыдан талдай білуге дағдыландыру.
 Ауған соғысының ардагерлерін құрметтеу,жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін оятып,Отан үшін отқа түсіп қыршынынан қиылған,жат жерде көз жұмған Қазақстан азаматтарын еске алу,жауынгерлердің қысқа ғұмырынан үлгі-өнеге,тарихи тағылым беру,оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту,елжандылыққа,отансүйгіштікке,ізгілікке баули отырып тәрбие беру.

Күтілетін нәтижелер

Топтастыру, түсіндіру, талқылау, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

 

Қолданылатын ресурстар

Интернет ресурстары, бейнежазбалар, слайд

Көрнекі құрал-жабдықтар

Зум платформасы

Сабақтың өту барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Тыңдаушының іс-әрекеті

 

Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру (5мин)

 

Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз.

Құриетпенен сіздерге

Бас иеміз біз!

 

Сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптасады

 

Сабақтың басы

ІІ. Ауған соғысы туралы мәлімет беру

1979 жылдың 25 желтоқсанынан 1989 жылдың 15 ақпанына дейін, яғни 9 жылдан аса уақыт бойы Кеңес әскерлерінің шектеулі құрамы Ауған жерінде ұрыс жүргізді.

Соғыс деген қаралы ұғым. Ауған соғысында мерт болғандар мен ардагерлердің алдында қашанда бас иеміз. Ауған соғысына КСРО құрамына 22 000 қазақстандық қатысты. 2 238 күнге созылған соғыста 924 қазақстандық мерт болып, 1015 жауынгер мүгедек болып қайтты. 26 адам хабар – ошарсыз кетті.

1979 жылы 25 желтоқсанда КСРО басшысы Брежнев КОКП орталық комитетінің саяси бюро мүшелері Андропов, Громыко, Суслов және Устиновтың келісімімен Ауғанстанға әскер кіргізу жөнінде шешім қабылдайды.Бұл шешімнің салдары 9 жыл, 1 ай, 25 күнге созылған соғысқа әкеліп соқтырды.

Қаймықпастан қарсы тұрған өлімге,

Асқақ рухы қалықтайды көгімде.

Елді сүйген ерлігімен ерекше,

Өнегелі із қалдырдың өмірге.

Таусылғанмен фәнидегі тынысың,

Тарихқа тұлға болған ірісің.

Таптатпаған тобырларға намысын,

Өлген жоқсың, халқың барда тірісің.

Жүрегіңде тұнып тұрған қасиет,

Ерлік ісің ұрпағыңа өсиет.

Өзіңдей қаһарманға қайыспас

Бүгінгі жас алғыс айтып, бас иед.

 

 

Слайдта бейнеленген суреттерге қарап, мәліметтерді тыңдайды

 

Ми шабуылы (5мин мин)

 

 «Соғыс» сөзіне топтастыру жасауі

 

 

Оқушылар өз ойларын түйіндейді

 

 

Сабақ барысындағы көңіл-күйді анықтау (3 мин)

Оқушылар көңіл күйін бейнелейтін суретті салады (смайлик түрінде немесе жыл мезгіліне сәйкес) Бұл іс-әрекет қатысушының  көңіл- күйін білдіреді

 

Рефлексия (5мин)

 

 

 

Жаңартылған күні: 18.02.2021 13:09
Құрылған күні: 18.02.2021 13:09

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст