"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

«Түркі тілдес халықтар арасындағы ең үздік әлем ақыны» кітап көрмесіне қашықтық саяхат

Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектеп  кітапханасында  Қазақстанның  Халық  жазушысы, Қырғыстанның  Халық ақыны  «Түркі  тілдес  халықтар арасындағы ең үздік  әлем  ақыны»  сыйлығының иегері,  «Кітап керуені» бағдарламасы  бойынша қайсар рухты ақын  Мұхтар  Шахановпен кездесу барысында ұйымдастырылған  кітап көрмесіне қашықтық  саяхат жасалынды.

      Кітапхана  оқырмандарымен кездесу аудан  көлемінде өтті.

   Кітапхана  залында  ақынға арналған:  ақын шығармашылығы, еңбектері туралы  ақынға арналған  бұрыш –көрме   ұйымдастырылды.  

    Ақын  өзінің  өмірбаяны шығармашылығы  туралы  оқырман  қауымға  жеткізіп, сұрақ  жауап  ретінде  ой пікір  алысты.

      Оқушылар  ақынға деген оның   шығармашылығына  ой салып  ақынға  арналған  өздерінің  өлеңдерімен  өрнектеді.

    Мұхтар  Шаханов жайлы қандай  еңбек  жазылса да, Желтоқсан оқиғасы   мен   ақын Мұхтар есімі  қатар айтылары анық.

   Халық   намысы   жер етілген сол жылдары  Мұхтар  Шаханов  болмағанда  күні  бүгінгі  дейін Желтоқсан  оқиғасына  қатысты  мәселелердің  кейбірі, бәлкім, әлі де жабулы   қазан күйінде қалар ма еді?  

    Желтоқсан   оқиғасы  Мұхтардың  азаматтығының,  парасаттылығының, нағыз   халық  ақыны екендігінің  айшықты   мезетті   болғаны   аян.

    Мұхтар Шаханов  ағамыз  оқырмандарға алғысын айтып  рухты   ұрпаққа, кітапхана  оқырмандарына  қазақ елінің  рухын  көтеретін,  патриотшыл, шыншыл, адал  үлкен   адамгершілікте болыңдар, ылғи да  шыңдық пен ұлттық  мүдде  биігінен  бой көрсетіңдер-деп   үлкен  батасын  берді.

    Батаменен  ел  көгереді  демекші  ағамыздың  батасы  қабыл болып,  біздің мектептен  де   рухты  ұрпақтар  шығады  деген   сенімдеміз

 

Жаңартылған күні: 10.02.2021 11:36
Құрылған күні: 10.02.2021 11:36

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст