"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

4 "Г" сыныбында, «Үлкенге - құрмет, кішіге – ізет» атты тәрбие сағаты өтті.

 

Талапкер ауылы жалпы білім беретін мектебінің 4 "Г" сыныбында, «Үлкенге - құрмет, кішіге – ізет» атты тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға үйрету.Сабағымызды балалар бәрі бір - біріне жақсы тілек тілеп бастады. 
1. Әдепті бол!
2. Мейірімді бол!
3. Кішіпейіл бол!
4. Қамқоршы бол!
5. Тәртіпті бол!
6. Инабатты бол!
7. Қайырымды бол!
Барлығы: Біз үлкенді құрметтеген, кішіге ізет көрсеткен жалынды ұрпақтармыз.
Бейне баян тамашалап,не түсінгендерін айтып,талдадық.Адам баласы өзгелермен қарым - қатынас жасағанда оның таныс, таныс еместігіне, алыс - жақындығына, үлкен - кішілігіне, қызмет дәрежесіне қарамай кішіпейіл, әдепті болуы керек бұл адамгершілік борыш. Ұлы істердің қандайы болмасын кішіпейілділіктен басталады. 
- Ата-анаңа қарсы келме.
- Үлкеннен бұрын сөйлеме.
- Әдепсіз сөзді айтпа, өтірік айтпа.
- Жаман әдетті үйренбе《Ата әже》әні. Сағынбек Амираның орындауында тыңдадық және бейне баян сұрақтарына да жауап берді.Әдеби монтаж кезеңінде оқушылар өз өлеңдерін оқып берді.
- Қорытындылай келе,адам бойында жақсы–жаман қасиеттер болады екен. Біздің халқымызда үлкенді құрметтеп, кішіге қамқор болуға бала кезден көп көңіл бөлінеді. Ол ананың сүтінен, үлкеннің ақылынан, ұстаздың үйреткенінен, кез келген адамның кісілігінен.Сендер ақылды,тәрбиелі,үлкенді құрметтеп,кішіге ізет көрсететін адал ұрпақ боласыздар деп сенеміз.

Жаңартылған күні: 01.03.2023 16:42
Құрылған күні: 01.03.2023 16:42

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст