"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Тәуелсіздікке монолог

        Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектеп  кітапханасында 16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздіктің 30- жылдыңына орай 3-4 сыныптар арасында мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.

        Мақсаты: Оқушыларды өлең оқуға қызығушылығын арттыру, тәуелсіздік туралы білімін кеңейту, сайыста белсенділігін таныту, отан сүйгіштіккке тәрбиелеу.
      Дамытушылығы: Оқушылардың Отанға, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру; Өлеңді мәнерлеп оқуға машықтандырып, есте сақтау қабілеттерін дамыту,

  1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады.

Еліміз егемен, тәуелсіз мемлекет мәртебесін алып, қазақ халқының сан ғасырлар бойы аңсаған арманы іске асты.

    Бұл тәуелсіздік біздің халқымызға оңайшылықпен келген жоқ.

    Өзгені емес, өзімізді танудан қалып бара жатқан еліміз тәуелділік құрсауынан құтылды.

   Міне, бүгінде, болашақта Қазақстанның көк туын жеңіс тұғырынан көрсететін ұландарымыз өз елінің тәуелсіздігін мақтанышпен жыр шумақтары арқылы жеткізді

Монолог

 Оқушылардың  оқыған монологынан:

Иә, Мен бүгінде елімнің «Тәуелсіздігін», елін ойлаған өзімізге тиесілі мерекелерімнің барлығынтойлап жатқан қазақпын!…Осы күнгежетуүшін не өтпеді басымнан,не өшпедіжылдарда қалған жадымнан… Хандық құрып «жақсылармен» бауырбоп,»жамандарды» аластаттым. «Шоқан» боп тудым жұлдыздай, "Абай" боп тудым дана болып, «Ыбырай» боп қараңғыға сәуле шаштым,білім кілтімен есік аштым. «Алаш»болдым арыстандай ақырып,жолбарыстай жақсы істердіжапырып. Сол жылдары ауырболды,.Қастықты да көрдім, аштықты да көрдім.

         ІІ Дүниежүзілік  соғыста құладым,  жыладым, қайрат жинап қайта тұрдым,рух шақырып «жеңіске» бетті бұрдым да «Рақымжан» боп  Рейхстагқа ту тіктім.
Әрине, «қазақ» деген қаным, жаным, тілім, дінім, тірлігім, елім, жерім,  ұрпағым болғасын  Ресейден 1986жылы «Қайрат пенен Ләззат» боп барша жастарды жинап желтоқсан ызғарында арнамды бөліп алдым. Шүкір, Тәңір қолдап Тәуелсіз таңымды атырып, күрсінбей күнімді батырып келемін.. Мен – Тәуелсіз елімнің тарихымын, естелігімін, аузымда «біссімілләсі» бар қазыналы қариясымын, арманы айға ұшқан жас өренімін, жаңа туылған қазақтың қаны таза жұрнағымын, мәңгі жасайтын Ұрпағымын!

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 21.12.2021 22:23
Құрылған күні: 21.12.2021 22:23

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст