"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірден басталады.

Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі хабарлап отыр.  

Ведомствоның мәлімдеуінше, бұл – білім беру процесіне қатысушыларға ыңғайлы болу үшін қабылданған шешім. 

«Ата-аналар мектепті алдын-ала анықтап, оқуға қажетті құжаттарды уақытылы тапсырады, сондай-ақ балаларды оқу құралдарымен қамтамасыз етеді. Мектеп басшылығы сыныптарды жинақтап, қажетті оқулықтарды алдын ала сатып алады. Сонымен қатар педагогтер құрамын анықтап, сағат санын бөледі», делінген хабарламада. 

Өтінішті egov.kz арқылы беруге болады. 

Қажетті құжаттар тізімі: 

Ата-ананың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар); 
Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі; 
«Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат; 
065/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат; 
3х4 көлеміндегі 2 фото. Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.
Жаңартылған күні: 28.03.2022 10:55
Құрылған күні: 31.03.2022 11:34

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст