"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Тәрбие сағаты: "Электр тоғы ойыншық емес", 8Г сыныбы, Алив Ж

Тақырыбы: Электр тоғы ойыншық емес

Мақсаты:Оқушыларға электр тоғы туралы түсінік беру. Электр тоғының қауіпті екенін және олармен қалай жұмыс жасау керек екенін түсіндіру.Электр қауіпсіздігі бойынша әлеуметтік жұмыстың тиімділігін арттыру.

Міндеті: Оқушылар арасында электр қуатынан сақтану; Электр құралдарын, компьютерлік желілерін пайдалану мәселелерінде білім деңгейін көтеру.

Көрнекілігі: Оқушылардың электр желісіне байланысты салған  суреттері, Слайд.

Сыныбы: 8 «Г»

Тәрбие сағатының жүрісі:      

І.  Баяндама: Электр тоғы.

ІІ. «Электржүйесінің қауіпсіздігі» атты тәрбие сағаты

1)-Балаларға ескерту;

2)-Бәріне ескерту;

3)-Абай болыңыз;

4)-Қатаң тиым салынады;

ІІІ.Қорытындылау:

-Жалпы қауіпсіздік талаптары туралы ескертулер

І.Кіріспе бөлім: Мұғалім сөзі....

       Жыл сайын елімізде жас өспірімдердің электр тоғынан зардап шегулеріне байланысты қайғылы оқиғалар орын алуда. Ата-аналар балаларынан айырылып,немесе балаларының мүгедек болғандарын көріп жандары қиналуда. Соңғы жылдары тоққа түскен балалардың екі қолынан айырылып,денелерін күйік шалып,бет-бейнелері күйіп жатқанын теледидардан көптеп көрудеміз.

          Тоқ өте қауіпті,ол көзге көрінбейді,исі жоқ бірақ,жақындап кетсең тоққа түсу қаупі жоғары.

  1. Барлығымыз білетіндей электр тоғы қазіргі таңда ең маңызды рол атқарады. Бізге ол жарығын,жылуын сыйлайды. Осы өмірде адамзаттың тұрмысын электр тоғынсыз көз алдымызға бір сәт елестете алмаймыз,тіпті мүмкін емес.
  2. Үй жағдайында,мектептерде қолданылатын тоқпен жасайтын құрал жабдықтар,далада күнделікті жанынан жүгіріп өтіп кетіп жүрген шағын трансформаторлық станциялары,әуе электр желілері қалыпты жұмыс жасау жағдайында қауіпсіз. Алайда, тоқ сымдарының сыртқы оқшаулағыштары зақымданғанда немесе әуе электр желілерінің сымдары үзіліп жерге түскенде,сендер электр бағандарына көтерілгенде өміріңізге қауіп төнеді.
  3. Адам,қосулы тұрған электро қондырғылардың тоқ өткізу бөлігіне және оқшауланбаған тоқ сымдарына жақындаған кезде электр тоғына қосылған болып табылады. Оның денесінен электр тоғы өтіп адам организімінің қалыпты жағдайын бұзады. Адам денесінен өтетін тоқтың мөлшері көбейген сайын қауіпті болып табылады.
  4. Тоқтың өзі екіге бөлінеді екен. олар: тұрақты тоқ және айнымалы тоқ.
  5. Тұрақты ток — уақыт бойынша бағыты және шамасы өзгермейді. Тұрақты ток көздері: аккумуляторлар, батареялар. Электрондар - тан + ағылады.
  6. Айнымалы ток — бағыты мен шамасы периодты түрде өзгеріп отыратын электр тогы. Ал техникада айнымалы ток деп ток күші мен кернеудің период ішіндегі орташа мәні нөлге тең болатын периодты ток түсіндіріледі. Айнымалы ток байланыс құрылғыларында (радио, теледидар, телефон т.б.) кеңінен қолданылады.
  7. Қауіпсіз кернеу 12 вольт,алайда үй жағдайында қолданылатын тоқтың кернеуі 220 вольт. Сондай кернеудегі тоққа түскенде адамда бұлшық еттерінің құрысуы,күйік шалу жағдайлары орын алып,тыныс алуы және жүрек соғысы тоқтауы мүмкін.Салдарынан адам өліп кетеді немесе мүгедек болып қалады.
  8. Электр тоғымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету керек. Мысалы: Тоқты өшіру, дәрігер шақыру, Зақымданушыны тоқ әсерінен босату,алған жарақатына байланысты көмек көрсету,арнайы майлар жағу,суық су құю,микроптар түспес үшін мөлдір қағазбен орау керек.
  9. Ой қозғау: -Балалар сендер не көріп тұрсыңдар?  -Осы заттар үйімізде бар ма?   Егерде сен үйде жалғыз қалсаң,қауіпсіздік ережесін ұмытпа.
  10. Сақтандыру белгілеріне ерекше көңіл бөлу керек.
  11. Электр аспаптарымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шаралары: ----Қос қолмен жалаңаш екі сымды қатар ұстауға болмайды.  -----Жерді басып,дымқыл не цемент еденде тұрғанда жалағаш сымға тиіп кету өте қауіпті. 
  12. Бүлінген электр аспаптарын пайдалану қауіпті.Электр аспаптарын мезгіл-мезгіл білікті мамандар тексеріп отыруы тиіс.
  13. Тоқ көзінен ажыратпай электр аспабын жинауға, шашуға не түзетуге болмайды.
  14. Желіден ажыратпай, электр арматурасына қандай да бір жұмыс жүргізуге болмайды.
  15. Электр жарақаты кезіндегі алғашқы көмек:

1. Ажыратқыш не сөндіргіш арқылы тоқтан ажырату,зардап шегушіден құлаған сымды құрғақ таяқпен не пласмасса көмегімен алып тастау. 2.Зардап шегушіні кепкен ағаш төсенішпен резиналы пласмассамен орау. 3.Науқасты тыныштықта ұстау. 4. Анальгин баралгин ,т.б. жансыздандырушы дәрілерді енгізу. 5. Жүрек қантамыр дәрілерін енгізу.

  1. Сондықтан,тұрмыстық техникаларды пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтаңыздар дегім келеді.

ІІ.  Негізгі бөлім. «Электржүйесінің қауіпсіздігі» атты тәрбие сағаты.

1). Балаларға ескерту.

       1   ---Электр тоғының сымдарын, тұрмыстық техниканы өз бетінше жөндеуге болмайды.

  1. ---Розеткаға шаш қыстырғыштарды,сымдарды,үшкір

темірлерді,қалам қарындаш ұштарын тығуға болмайды;

  1. --Тоқты сөндіру және қосу кезінде қолдарыңыз құрғақ болуы тиіс,тоқты айырып,қосуды үлкендердің жасағаны дұрыс;
  2. .---Телефонды қуаттайтын шнурларды қосулы күйінде тастап кетуге болмайды,себебі кішкентай балалар ауыздарына салып тоққа түсуі мүмкін;

2). Бәріне ескерту.

  1. --Қақпағы жоқ айырып- қосқыштарды, розеткаларды, қоңырау кнопкаларын, сондай-ақ, зақымданған,сымдары бұралған тұрмыстық техникаларды қолдануға болмайды.
  2. ---Егер сіздер, электро құралдарға,моншада тұрған су құбырларының крандарына, газ, жылу құбырларына және басқа металл заттарға денеңізді тигізген кезде денеңізді ине түрткендей болса, шаншыса онда сол заттың бойында,кернеу бар дегенді білдіреді. Бұл белгілер электр тоғы соғу қаупінің төніп тұрғанын білдіреді.

3). Абай болыңыз!

  1. Кез-келген ілініп тұрған және үзіліп тұрған сымдарға жақындау ӨМІРІҢІЗГЕ ҚАУІПТІ!. Егер үзілген сым жер бетінде жатса,оған8 метрге дейін ЖАҚЫНДАУҒА БОЛМАЙДЫ!.
  2. Әуе желісінде ілініп тұрған сымдарға жақын аймақта батпырауық ұшыруға,тас лақтыруға,қармақ тастауға болмайды.
  3. Бағандарға шығуға болмайды,тоққа жақындау және құлау қаупі бар.
  4. Ағаш және талдар арасынан өтіп тұрған әуе желісінің сымдары үлкен қауіп төндіреді. Олар яғни жаңбырлы күні бұтақтар тоқ өткізгіштік қызметін атқарады.
  5. Трансформатор есіктерінде құлып жоқ болса – оның есігін ашуға және  кіруге болады дегенді білдірмейді.Ішіне кіру жазатайым оқиғаларға алып келеді.
  6. Ойын барысында балалар тығылыспақ ойнау үшін трансформаторлардың ішіне кіреді,доппен ойнау кезінде трансформаторлардың қоршауына түскен допты алу мақсатында қоршаудан отеді.немесе баланың қызығушылығы артып «ішінде не бар екен?»деген білу мақсатында есігін ашып қарауды ойына алады. Алайда, бұл өміріне қауіпті екенін ойын баласы сезбейді.

4). Қатаң тиым салынады!

- Әуе желісінің және қосалқы стансалардың жанында ойнауға болмайды (жасырынбақ, доп)

-Әуе желісінің сымдарына зат лақтыруға,астына от жағуға,батпырауық ұшыруға болмайды.

- Әуе желісінің бағандарына көтерілуге,саты және басқа да заттарды тіреп қоюға болмайды.

- Қосалқы стансалардың қоршауынан өтуге,төбесіне шығуға,трансформаторлардың есіктерін ашуға болмайды,.

ІІІ. Қорытындылау.

Жаңартылған күні: 23.09.2021 12:01
Құрылған күні: 23.09.2021 12:01

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст