"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

«Жол тәртібін білейік, аман - есен жүрейік» 5Г сынып, Қайрбекова С.А.

Пән: Тәрбие сағаты

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп: Талапкер ауылы ЖОББМ

Күні: 06.09.2021.

Мұғалімнің аты-жөні:

                                  Кайрбекова С.А.

Сынып:  5 «Г»

 

 

Сабақ тақырыбы

 «Жол тәртібін білейік, аман - есен жүрейік»

Сабақтың мақсаттары

. Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету.

Пәнаралық байланыстар

Әдебиеттік оқу,  қазақ тілі,информатика

АКТ қолдану дағдылары

интерактивті тақта, аудиозапись, жалаушалар,кітап — журналдар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет 

 

 

 

Сабақтың басы

 

 

 Ұйымдастыру кезеңі.

 Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан - жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол - көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол - көлік оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде. Оның себебі – көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін әлі де болса нашар біледі. Міне, осы мақсатта біздің сыныбымызда бүгін «Жол тәртібін білейік, аман - есен жүрейік» атты жол ережелеріне арналған тәрбие сағатын өткізбекшіміз. Ендеше, қош келдіңіздер!

 

 

Сабақтың ортасы 

 

Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі.  БҮГІНГІ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ  «Жұмбақтарды шешу»
1. Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған
Өміріңді күзеткен,
Ысқырықпен түзеткен. (милиционер)

2. Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялдайды. (автобус)

3. Көліктің қаншасын үстінен өткізген,
Іргеден басталып алысқа жеткізген. (жол)

4. Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (бағдаршам)

5. Екі аяқты, бір басты,
Жүгіреді тым қатты. (велосипед)

6. Өзі тым күшті,
Аяғы тісті. ( трактор)

7. Төрт аяғы домалақ,
Адамсыз жүрмейді. ( машина)

8. Екі ағасы қашады,
Екі ініс қуады. ( машина дөңгелектері)

9. Бір тұлпар су ішпейді, жем жемейді,
Ескеріп ешбір адам емдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Шылбырын сымға байлап тез жөнейді. (трамвай)

10. Арқаным бар тым ұзын,
Ала алмайсың бір үзім.
Табыңдаршы балалар
Бұл жұмбақтың шешуін. (жол)

ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ  «Викториналық сұрақтар»
1. Қоғамдық транспорттан шыққаннан кейін көшеден қалай өту керек?
2. Жол таңбасы қандай екі түрге бөлінеді?
3. Жаяулар өтпесі қалай белгіленеді?
4. Бағдаршамда сигналдар қалай орналасқан?
5. Жол белгілері қандай топқа бөлінеді?
6. Балалардың суреті салынған белгі қайда орнатылады?
7. Оқушылардың велосипедпен көшеде және жолда қай жастан жүруіне рұқсат етіледі?
8. Велосипедпен жолға шығарда нені тексеру қажет?
9. Көшеден, жолдан қай жерде өтуге болады?
10. Габариттік оттар қай кезде жанады? (фарлар)
11. Жүргізушілер сыртқы жарық приборларын не үшін қосады?
12. «Тротуар» деген сөз нені білдіреді?

 «Жол белгілері»
Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар! Үй тапсырмасына өте жақсы дайындалып келіпсіңдер. Ал енді кезекті жол белгілеріне береміз. Әр топ белгілерді таңдап, сол белгілер туралы айтып шығады.
Тақтада қызыл түспен «Ескерту белгілері», жасыл түспен «Тыйым салу белгілері» және сары түспен «Міндеттеу белгісі» деп жазылған сөздер ілінеді.

-Жолда жүру ережесіне байланысты «Жағдаяттарды шешу»

1.Ержан жол жиегінде доппен ойнап жүреді. Добы жолға домалап кетеді. Ержан добын алмақ болып машина жолына жүгіреді. Машиналар сигналы естіледі. Ержан добын тастай қашады. Ержанның әрекеті дұрыс па? Ол қандай шара қолдану керек еді?

2.Бағдаршамы жоқ көшеде жолдан екі бала өтпек болады. Бірі жолдан жан - жағына қарамастан, асығыс жүгіріп өтеді. Екіншісі алдымен сол жағына, сонан соң оң жағына қарап өтеді. Кімнің әрекеті дұрыс? Жолдан қалай өту керек?


3.Сіз жолдан өтейін деп тұрсыз. Бағдаршамның жасыл түсі жанбай жатып қасыңызда тұрған бірінші сынып оқушысының машиналар зулап жүріп жатқан жолдан өтпекші болып тұрғанын көресіз. Сіздің әрекетіңіз?
Мұғалім: Рахмет, балалар. Сендер бүгін көп мәлімет бердіңдер. Алдағы уақытта осы жол ережесін сақтап, басқа балаларға үйретіп жүріңдер.

Осымен сынып сағатымыз аяқталды,сау болыңыздар балалар!

 

           

 

Жаңартылған күні: 09.09.2021 10:44
Құрылған күні: 09.09.2021 10:44

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст